Алматылық «Қайрат» футзал клубының элиталық раундтың шешуші кездесуінде ресейлік «Тюменьнен» жеңіліп, Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шыға алмады.
Ресейде өткен кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 10-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов есеп ашты. Бірақ 28-ші және 35-ші минуттарда бразилиялық Таффи дубль жасап, командасын алға шығарды. Ал 37-минутта Йован Лазаревич үшінші голды соқты. 40-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша, төрт ұпайы бар «Қайрат» топта үшінші орынға ие болды. Қазақстандық команданы қосымша көрсеткіштер бойынша франциялық «Аньер-Вильнев» басып озды. Ал «Тюмень» топтағы үш кездесуде де жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» элиталық раундтың бірінші матчында белоруссиялық «ВитЭнді» ұтып (3:2), екінші ойында «Аньер Вильневпен» тең ойнаған (3:3) болатын.
Біздің серіктес: FONBET