«Қайрат» Боранбаевтың туған күніне сый жасай алған жоқ

23.09.2018, 16:24
«Қайрат» Боранбаевтың туған күніне сый жасай алған жоқ
«Қайраттың» әзірге жолы болар емес. Үзілістен кейін Алматы командасы қатарынан екінші ойында жеңілді. Тағы да гол соққан жоқ. «Қайрат» 27-турда Талдықорғанға қонаққа барған. Жергілікті «Жетісумен» кездескен Карлос Алос шәкірттері 90-минут бойы қарсылас қақпасынан саңылау таппады. Есесіне, матч соңына қарай, алаң иелері пенальтиден есеп, жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, клуб президенті Қайрат Боранбаевтың туған күнінде футболшылары сый жасай алмады. «Қайрат» осының алдында «Ақжайықтан» да ұтылған болатын. https://youtu.be/8-g8lJPIDwc
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×