Қазақстан чемпионатының 26-турында «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықтан» ұтылып қалды.
Бұл ойында жалғыз голды «Ақжайық» сапынан Еркебұлан Нұрғалиев соқты. Сөйтіп, «Қайрат» басты қарсыласы «Астана» мен ұпай айырмасын қысқартатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Өйткені, «Астана» өз алаңында «Қайсармен» тең ойнаған болатын. Қазіргі кезде «Астана» мен «Қайраттың» арасын 4 ұпай бөліп тұр.
«Астана» мен «»Қайсар» арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. «Астана» бұл жолы құраманың ойындарына қатысқан кейбір футболшыларына демалыс берген.