"Пюниктің" легионерлері Қостанайға жетті

26.07.2018, 16:27
"Пюниктің" легионерлері Қостанайға жетті
"Тобылдың" Еуропа Лигасындағы қарсыласы "Пюник" клубының ойыншылары армениялық команданың қарамағына жетті. Sports.kz сайтының хабарлауынша, қарсылас команда легионерлерінің Қазақстанға жетуіне "Тобыл" ФК-ы, Көші-қон полициясының басқармасы және Қостанай облысының басшылығы жәрдем берген көрінеді. Бұған дейін Арменияның "Пюник" клубының бес бірдей легионері Қостанайдағы еурокубоктік ойынға үлгере алмай қалу мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Жағдайдың бұлай орын алуына ойыншылардың біздің елге кіруіне рұқсат беретін құжаттарының дұрыс ресімделмеуі себеп болған еді.  
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×