ПСЖ Тухельді ресми түрде жұмысынан босатты

29.12.2020, 20:21
Жаңа бапкердің есімі де белгілі болған секілді.
ПСЖ Тухельді ресми түрде жұмысынан босатты

ПСЖ бас бапкер Томас Тухельді қызметінен босатты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Осыған орай клубтың президенті Нассер Әл-Хелайфи: “Томас Тухель мен оның командасына алғыс айтқым келеді. Бірге өткізген жақсы кезеңдерді есте сақтайтын боламыз. Оған бар жақсылықты тілеймін”, – деп ағынан жарылды.

Тухель клубқа 2018 жылдың маусымында келген еді. Неміс маманының қол астында команда барлық турнирлерде 127 кездесу өткізіп, 95 рет жеңіске жетсе, 20 мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан. Ал 12 матч тең нәтижемен аяқталған. Екі рет ішкі чемпионатта жеңіске жетіп, Франция кубогы мен Лига кубогын ұтып алды. Сонымен қатар клуб тарихында алғашқы рет Чемпиондар лигасының финалына шыққан еді.

Журналист Фабрицио Романоның ақпаратына сенсек, клубтың жаңа бапкері Маурисио Почеттино болмақ. Фабриционың айтуынша, париждік клуб пен аргентиналық маман келісімшартқа қол қойып үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×