«ПСЖ» қорғаушысы Тома Мёнье мансабын Германия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Bild. Дереккөздің хабарлауынша, 28 жастағы бельгиялық футболшы Дортмундтық "Боруссиямен" төрт жылдық келісімшартқа қол қоюға келіскен.
Қорғаушы осы жазда аяқталатын келісімшартты жаңартудан бас тартты, сондықтан "ПСЖ-ға" Чемпиондар лигасының қалған матчтарында көмектесе алмайды. Мёнье "Боруссияға" 26 маусымда қосылады деп күтілуде.
2019/2020 маусымда Мёнье барлық турнирлерде 27 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Коронавирустық пандемияға байланысты Франция чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Нәтижесінде «Пари Сен-Жермен» ел чемпионы деп танылды.
Біздің серіктес: FONBET