"France Football" басылымының хабарлауынша "ПСЖ" футбол клубының президенті Нассер Аль-Хелаифи футболдағы ең ықпалды адамдар рейтингінде бірінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалатын және 55 миллионнан астам жазылушысы бар beIN Media Group компаниясын басқарады.
«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен ФИФА президенті Джанни Инфантино да футболдағы ең ықпалды үш адамның қатарына кірді. 19 мамыр күні футболдағы ең ықпалды адамдардың толық тізімі жариялануы тиіс.
Бұған дейін Аль-Хелаифиге алаяқтық, жалған құжат жасау, жеке тұлғаларды парақорлау және қылмыстық істерге немқұрайлы қарау деген күдік келтірілгені хабарланған болатын. Тергеу мәліметінше, Аль-Хелайфи ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысы Валькаға әлем чемпионатының матчтарын трансляциялау құқығын сатып алғаны үшін пара берді деп айыпталған.
Біздің серіктес: FONBET