"ПСЖ" -Неймардың трансферлік құнын белгіледі

18.06.2019, 20:34
"ПСЖ" -Неймардың трансферлік құнын белгіледі
"Пари Сен-Жермен" бразилиялық сұрмерген Неймарды сатуға дайын.  Испанияның ақпарат құралдарына сенсек, "Барселона" директоры Хосеп Бартомеу қазір Неймарды қайта сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Өз кезегінде Париж клубы "Барсаға" 90 млн. фунт (100 млн. еуро) деп баға бекітті. Оған қоса, трансферге Иван Ракитич, Осман Дембеле, Самуэль Юмтитидің біреуі айырбас ретінді қосылмақ. Яғни, "ПСЖ" басшылығы осылайша 27 жастағы бразилиялық шабуылшыдан кемі 200 млн. еуро қаржы табуды көздейді. Өйткені, дəл қазір Неймар үшін оның бұрынғы құны 222 млн. еуро төлеуге құлықты ешқандай клуб жоқтың қасы қасы. Сəл ертеректе "Барселона" басшылығы егер Неймар ресми түрде халықтан 2017 жылғы трансферлік ауысымы үшін жəне УЕФА-ға шағымданып, өтемақы талап еткені үшін кешірім сұрайтын болса, қайта сатып алудан кетəрі емес екенін хабарлаған-мыс. 2013-17 жылдар арасында "блауграна" сапында 186 ойын өткізіп, 105 гол соққан еді. Естеріңізге сала кетейік, Неймар 2017 жылдан бері "ПСЖ" үшін 27 ойында алаңға шығып, 17 гол салған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×