"ПСЖ" Бускетс пен Ракитичті алғысы келеді

22.08.2018, 00:52
"ПСЖ" Бускетс пен Ракитичті алғысы келеді
"Пари Сен-Жермен" "Барселонаның" қос жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда. Sport.es басылымының хабарлауынша, француздық клубтың жартылай қорғанысына бір ойыншы қажет. Сондықтан, "ПСЖ" басшылығы Серхио Бускетс пен Иван Ракитичтің жаңа келісім-шарты төңірегіндегі жайттарға алаңдаулы екен. Алайда, "Барселонаның" бас бапкерінің тактикалық схемасының маңызды ойыншылары каталондық клубтан кетуі екіталай. Испанияның тағы бір атақты басылымы Marca-ның хабарлауынша, "Барселона" Ракитичті келісім-шартында белгіленген сомадан аз қаржыға жібермейді. Хорват ойыншысының келісім-шартындағы баға 125 миллион еуро екен. Вальверде де Ракитичтің клубтан кетуіне түбегейлі қарсы көрінеді. Оның үстіне, Ракитичтің "ПСЖ" сапына ауысуы, париждік клубтың қаржылық фэйр-плей жағдайын одан ары ушықтырып жібереді-міс. Париж клубына енді қымбат ойыншы алуы үшін дәл сол бағаға ойыншысын сатууы тиіс екен.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×