"Баварияның" қорғаушысы Хуан Бернат "ПСЖ" қатарын толықтыруы мүмкін.
Cadena Ser-дың хабарлауынша, париждік клубтың негізгі нысаны "Атлетиконың" қорғаушысы Филипе Луис саналады, алайда мадридтіктер ойыншыдан айырылғылары жоқ екен. Сондықтан, париждіктер назарын "Баварияның" қорғаушысына аударған. "Атлетико" қорғаушысы үшін 30 миллион еуро талап етіп отырған көрінеді. "ПСЖ" ондай қаржыны бұл ойыншыны алуға жұмсағылары келмейді екен.