OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айындағы үздік бапкері анақталды. Сауалнама отандық командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Наурыз айының үздік бас бапкері болып алматылық «Қайрат» командасының жаттықтырушысы Алексей Шпилевский атанды. Белорусиялық маман 7 ұпай жинады.
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айындағы үздік ойыншысы анақталды. Жаңа маусымнан бастап үздік ойыншыны анықтауға арналған сауалнамаға бас бапкерлерден бөлек команда капитандары да қатысады.
Наурыз айының үздігі болып алматылық «Қайрат» командасының легионері Вагнер Лав танылды. Бразилиялық ойыншы 32 ұпай жинады.
Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 4-тур «Қайрат» - «Тұран» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.
Біздің серіктес: FONBET