Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік бапкері анықталды

30.12.2020, 19:20
Шпилевскийдің командасы биыл чемпион атанды.
Премьер-лиганың 2020 жылғы үздік бапкері анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік бапкері» номинациясында жеңімпазды анықтау тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларының қорытындысы бойынша өткізілген сауалнамаларда осы номинацияға лайықты үміткерлер жинаған ұпайларды қосу арқылы жүзеге асты.

«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік бапкері» номинациясында алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский топ жарды.

Үздік үштік төмендегідей:

1. Алексей Шпилевский («Қайрат») – 27 ұпай;

2. Константин Горовенко («Шахтер») – 5 ұпай;

3. Григорий Бабаян («Тобыл») – 4 ұпай. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×