Премьер-лигада тұңғыш рет аргентиналық ойыншы өнер көрсетеді

02.03.2011, 21:36
Премьер-лигада тұңғыш рет аргентиналық ойыншы өнер көрсетеді
20-Қазақстан біріншілігінде тұңғыш рет Аргентина мемлекетінің азаматы өнер көрсететін болады. 29 жасар Леон Хавьер Игнасио алдағы маусымда "Атырау" футбол клубының қорғанысын бекітеді деп күтілуде. Бұрын Чилидің «Cobresal» командасында ойнаған оның физикалық әлеуеті қазақстандық қорғаушылардан анағұрлым жоғары екен. Және жаттықтырушылардың пікірінше де, техникалық, тактикалық сауаты да баршылық. Басталмай жатқан біріншіліктің ерекшеліктері мінекей осындай жаңалықтармен-ақ жанкүйерді қызықтыруда. Сондай-ақ, клуб иелігінде тағы бір оңтүстікамерикалық легионер Суза Да Коста Джонатас Рикардо бар. Шабуылшының премьер-лига клубтарындағы қақпашылардың жүйкесін тоздырады деген сөздер өріп жүргені рас. Ақпарат көздеріне сенсек, "Атырауда" екінші бразилиялық шабуылшы жүр. Нивалдо есімді аяқдопшы батыс жанкүйерлерінің көзайымына айнала ала ма оны алдағы уақытта көре жатамыз.  Дегенмен де, оқу-жаттығу жиындарында өзінің керемет мергендігімен көзге түскен нигериялық Огбонна Зито команданы алға сүйреуі керек деген болждамдар да жоқ емес.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×