Польша чемпионатының үздігі ҚПЛ-ге келуі мүмкін

22.01.2025, 15:06

Кения құрамасы мен польшаның «Ракув» командасының футболшысы Эрик Оума «Астана» жейдесін киюі мүмкін.

Польша чемпионатының үздігі ҚПЛ-ге келуі мүмкін
Эрик Оума Кения құрамасының сапында

Бұл туралы Sports.kz Sportnews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Елордалық ұжым польшалық командаға ойыншы бойынша ресми ұсыныс жасаған көрінеді, алайда, «Ракув» әзірше ұсынысқа біржақты жауап бермей отыр делінген. Қорғаушының трансфері 1,7 миллион еуроны құрамақ.

Эрик Оума польшалық клуб жейдесінде биылғы маусымда 18 ойын өткізіп, бір гол соғып, үш ассист берген. Жалпы, «Ракув» сапында 30 ойында алаңнан бой көрсеткен. Transfermarkt мәліметінше, қорғаушының нарықтық құны 850 мың еуро екен.

Айта кетсек, Э. Оума Кения құрамасының намысын 2016-жылдан бері қорғап келеді. Сол аралықтан бері 45 матчта өнер көрсетті. 2019-жылғы Африка ұлттарының кубогінде доп тепкен және дәл осы турнирде биыл барлық кездесуге қатысып шыққан еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×