Польша бапкері қызметінен кетті

22.12.2022, 23:02
Польша бапкері қызметінен кетті


Польша ұлттық құрамасы бапкер Чеслав Михневичпен арадағы келісім бұзылды дейді.


"Польша футболының бірлестігі Чеслав Михневичке 11 айлық жұмысы үшін рақмет айтады. Еске салсақ, ол команданы қиын кезде тізгінедеген болатын. Соған қарамастан Чеслав команданы Әлем чемпионатына алып шықты. Осы үшін бапкер үлкен алғысқа лайық.


Ол білікті бапкер. Біз оның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз! 


Біз құраманы мақсаты анық бапкер тізгіндесе дейміз. Жаңа маман жанкүйерлердің өшкен үмітін қайта жаға алуы тиіс. Біз тек осы талаптарға сай жаттықтырушыларды жұмысқа аламыз". 


Михневич өз жұмысынан ресми 31 желтоқсанда босатылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×