Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

07.10.2020, 16:14
«Астана» енді бапкер ғана емес, атқарушы директор қызметіне де маман іздейтін болады.
Пол Эшуорт «Астанадан» кетті

"Астана" клубының атқарушы директоры Пол Эшуорт қызметінен босатылды, деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет.

"Трансферлер мен агенттік төлемдерге миллиондаған қаржы жұмсаған адам ақыры "Астана" клубынан қуылды. Ол күні кеше бас жаттықтырушының міндетін атқарушы қызметінен, ал бүгін атқарушы директор қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Астананың" атқарушы директоры Пол Эшуорт осы күнге дейін бас бапкердің міндетін атқарып келген еді. Оның басшылығымен клуб Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінен өте алмады. Және Премьер-лигада 7 матч өткізіп, 2 рет тең ойнаған, 2 мәрте жеңіліске ұшыраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×