Пол Эшуорт «Астана» сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

13.09.2020, 02:11
«Астана» «Ордабасыға» қарсы турдың орталық кездесуінде, шымкенттік ұжымды 2:1 есебімен жеңді.
Пол Эшуорт «Астана» сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ойын соңында елордалық командадағы бас бапкердің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Әрине, менің ойын нәтижесіне көңілім толды! «Ордабасы» - өте мықты қарсылас. Біз осы жылдың өзінде бұл командамен үш рет кездесдік, яғни чемпионат аясында екі рет, бір жет жолдастық кездесу өткіздік. Бұл ойындар ешқашан оңай болған емес.


- «Ордабасыға» қарсы кездесу алдында команда бір апта толықтай сіздің қол астыңызда жаттықты. Не өзгерте алдыңыз?

- Әрине, жаңа бапкердің қандай өзгеріс енгізгені бәріне де қызық. Біз бір апта жаттығу жасағанымызбен, ол оңай болған жоқ. Себебі, командадағы көп ойыншылар өз ұлттық құрамаларының қарамағында болды. Тигран кеше ғана командаға оралса, Пиерос одан бір күн бұрын келді. Сондықтан, ойымдағы қалаған дүниені жасау қиынға соқты. Біз мен қалаған жұмыстың 70 пайызын ғана орындай алдық. Мұны ойын барысынан-ақ байқауға болады. Қақпамызға жіберген голға дейін, өте жақсы ойын үлгісін көрсеттік. Артынша, біз қорғанысқа басты назар аудардық. Бұл ешқандай физикалық қиындықтан емес, қазір барлық командалар бірдей жағдайда жаттығып жатыр. Бұл керісінше психологиялық тұрғыдағы қиындық деп ойлаймын. Менің ойымша, біз ойын соңында сәл ақылды футбол ойнап, алғашқы 70 минутта көрсеткен футбол үлгісін жалғастырып, кездесу барысын бақылауда ұстауымыз керек еді.

- Бүгін Сіз негізгі құрамды таңдағанда барлығын таң қалдырып, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырдыңыз. Бұл шешіміңіз немен байланысты?

- Бізде негізгі құрамды анықтауда үлкен таңдау бар. Барлығының да алаңға шығатын мүмкіндігі жеткілікті. Мен бапкер ретінде жаттығу жұмысы барысында кімнің қаншалықты жұмыс жасайтынын бақылауым қажет. Олардың жаттығудағы жасаған жұмыстары мен құрама сапында өздерін көрсеткен жағдайларға байланысты, негізгі құрамды таңдадым. Бүгінгі күні мен ең оңтайлы құрамды таңдадым деп ойлаймын. Менің ойымша, егер футболшылар 100% жаттықса, онда олар да 100% ойнайтын болады.

- Бүгін жарақаттарына байланысты Антонио Рукавина мен Жарко Томашевич командаға көмектесе алмады. Олар жасыл алаңға қашан оралады?

- Тони жаттығу жасап бастаған, алайда екі күн бұрын тағы жарақат алып қалды. Оның қалыпқа келуі үшін бір ай, мүмкін одан да көп уақыт қажет. Жарко 10 күннен кейін қатарға қосылуы тиіс.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.358
Ничья
5.55
П2
9.15
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.958
Ничья
4.025
П2
3.75
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.53
Ничья
4.895
П2
5.96
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.615
П2
2.222
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.406
Ничья
3.81
П2
2.875
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.085
Ничья
14.1
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.152
Ничья
9.3
П2
19.5
Aladop Youtube
×