"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба қысқы трансферлік кезеңде ағылшындық клубтан кетуі мүмкін.
25 жасар ойыншы бұрынғы командасы "Ювентуске" ауыса алатынына үмітті көрінеді. Француздық ойыншының бас бапкері Жозе Моуриньомен қарым-қатынасы дұрыс болмай жүр.
Бұған дейін Погба "Барселонаға" ауысады деген ақпарат белсенді түрде талқыланып жүрген.
Погба 2016 жылы "Ювентустен" "МЮ-ге" 105 миллион еуроға сатып алынған болатын. Ойыншының қазіргі трансферлік құны 90 миллион еуроға бағалануда.