
Қазақстандағы киберспорт тарихындағы ең ірі оқиға Астанада өтеді! Ел астанасы Counter-Strike 2 бойынша ауқымды турнир – PGL Astana-ны ұйымдастыруда.
Әлемнің ең мықты командалары “Барыс-Аренада” жиналып, 1 250 000 доллар жүлде қорын сарапқа салады! 10 наурыз, дүйсенбі күні PGL Astana-ға шақырылған командалардың тізімі жарияланды. Олар – қазіргі Counter-Strike-тың үздік өкілдері:
Team Spirit, NAVI, G2, Virtus.Pro, The Mongolz, GamerLegion, Astralis, FURIA, BIG, Pain Gaming, MIBR және Eternal Fire.
Тағы 4 команда өз орындарын аймақтық іріктеу турнирлерінде (Еуропа, Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка) жеңіп алады.
2024 жылы PGL Astana турнирлері 2025 және 2026 жылдың мамыр айларында өтетіні ресми түрде жарияланды. 1xBet Қазақстан үшін маңызды бұл шараның бас серіктесі болуға қуанышты. Компания көп жылдан бері киберспорт пен PGL-ді қолдап келеді.
"Біз киберспорттағы трендтерді мұқият бақылап келеміз. ТМД аймағындағы ойыншылар санының артуы осындай ауқымды турнирді Қазақстанда өткізудің басты себептерінің бірі болды. Ұзақ келіссөздер мен Алматы мен Астананың инфрақұрылымын зерттегеннен кейін, PGL басшылығы көпшіліктің сүйікті алаңы – “Барыс-Арена”-ны таңдады. Қазақстанда осындай ірі Counter-Strike турнирін өткізудің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз", – 1xBet Kazakhstan өкілі.
Астананың таңдалуы 1xBet пен PGL арасындағы серіктестіктің маңызды бөлігіне айналды. Бұған дейін 1xBet Қазақстандағы киберспорттың ең ірі шараларын қолдаған болатын: ҚР Киберспорт Чемпионаттары, Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Qyzmet Cup, Әлемдік турнирлердің финалдық трансляциялары
"Алдағы екі жылда елімізде нағыз Counter-Strike мерекесі өтеді! Киберспорт әлемінің назары PGL Astana-ға аумақ. Өз тарапымыздан біз бұл турнирден жанкүйерлерге ұмытылмас әсер қалдыру үшін көптеген қосымша іс-шараларды ұйымдастырамыз", – дейді 1xBet Kazakhstan өкілі.
Турнир офлайн және онлайн форматта өтеді. Негізгі кезеңі "Барыс-Аренада" 16-18 мамыр аралығында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: FONBET