Перишич қазақстандықтармен суретке түсуден бас тартты

16.07.2018, 17:36
Перишич қазақстандықтармен суретке түсуден бас тартты
"Телефон құлатып алдық" немесе Перишичтың қазақстандықтармен суретке түсуіне қарсы болуының себебі. Ресейдегі футбол тойын өз көзімен көру бақыты бұйырған қазақстандың жанкүйер басынан өткен қызықты оқиғасын айтып берді. "Адлерде болғанда Хорватия құрамасынының ойыншыларымен суретке түскіміз келді. Біздің америкалық досымыз Даниэл тұрған қонаұ үйде Манджукич, ИВАН ПЕРИШИЧ, Даниэл Субашичты кездестірдік. Өтіп бара жатырған әйел адамнан бізді суретке түсіріп жіберуін өтіндік. Ол кісі менің телефонымды түсінбей, суретке түсіре алмай тұрды, көмектесейін деп қолымды созып қалғанымда Перишичтың қолында тұрған ұялы телефонын шынтағыммен байқамай қағып кеттім. Телефон әйнек бетімен жерге түсті. Сол себепті ол бізбен суретке түсуден бас тартты", - деп еске алып отыр Курашев.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×