"Пари Сен-Жермен"- Франция чемпионы!

22.04.2019, 04:18
"Пари Сен-Жермен"- Франция чемпионы!
  "Лилль" 33 турда сырт алаңда "Тулузамен" тең түсіп еді, қызығын "ПСЖ" көріп жатыр. Осылайша, Томас Тухел баптайтын команда 5 тур бұрын чемпиондыққа қол жеткізіп қойды. Өйткені, екінші орында келе жатқан "Лилльдің" өзінен Париждің клубы16 ұпай алға озып кеткен. Енді "Лилль" қалған 5 ойынның барлығында жеңіп, "ПСЖ" ұтылғанның өзінде ештеме өзгерте алмайды. Осылайша, "Пари Сен-Жермен" екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Ал жалпы осымен қосқанда 8 рет біріншілікті көз басында аяқтамақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×