
Ардагер футболшы Евгений Аверченко Sports.kz-ке берген сұқбатында Дастан Сәтпаевтың Қазақстан Суперкубогіндегі өнеріне бағасын берді.
Қазақстан құрамасының экс ойыншысының айтуынша, «Челси» футболшысының аяқ-алысы жақсы.
«Сәтпаев «Қайраттың» бапкері берген 20 минуттан астам уақытты жаман өткізген жоқ. Осы аралықта ол толыққанды үш мүмкіндік жасап, тіпті гол соғып кетуге де жақын болған. Меніңше, 16 дағы жас футболшы үшін Дастанның аяқ алысы жаман емес. Өзін жақсы қырынан көрсетті», - деген болатын отандық маман.
Естеріңізде болса, 16-жастағы Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа отырды. «Қайрат» академиясының түлегі кәмелетке толғанша алматылық клуб сапында доп тебе тұрмақ. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысын 18-ге толғанша «Челсиден» келетін арнайы маман дайындайды.
Біздің серіктес: FONBET