Арсен Венгердің арқасынан бір ауыр жүк түскендей. Арсеналдың жартылай қорғаушысы Месут Өзіл лондондық клубпен келісім шартын ұзартты. "Daily Mail" таратқан ақпаратқа сәйкес, неміс құрамасының ойыншысы 2021 жылға дейін «Эмирейтсте» доп тебеді және аптасына 340 мың еуро (теңгеге шаққанда шамамен 136 миллион) ақша табады. Өзіл ұзақ уақыт құжатқа қол қоюдан бас тартқан болатын. Бірақ, қысқы трансфер уақытында команда сапына Мхитарян және Обамеянг сынды шебер футболшылардың келуі оның көзқарасын өзгерткен сыңайлы.
@aibek_kossan