Өзбек футболы тағы бір трансфермен шулатқалы жатыр.
17 жасар Азизбек Толқынбековке РПЛ-дің бірнеше клубы құда түспекші екен. Дәлірек айтсақ, «Бунедкордың» түлегіне «Зенит», «ЦСКА» мен «Спартактың» қызығушылығы бары жайлы ақпарат желтоқсанда тарап кеткен. Енді сол әңгіме қайта қозғалып жатқан көрінеді. Мұны өзбекстандық клубтың басшылығы да растаған болатын.
Азизбек Толқынбековтің нарықтық құнын Transfermarkt.com 250 мың еуро деп бағалап отыр. Айта кетейік, бұл дәл қазір 17 жасар өзбекстандық футболшылардың арасындағы ең жоғары баға.
The Guardian былтырғы жылдың соңында Әлемдегі ең талантты жас ойыншылардың тізімін жариялаған еді, бұл тізімнен Азизбекке де орны табылған еді. Естеріңізде болса, осыған дейін 20-жастағы қорғаушы Абдукадир Хусанов «Манчестер Сити» жейдесін киген болатын.
Біздің серіктес: FONBET