Ташкенттің «Локомотивін» тізгіндейтін Александр Крестинин Қазақстан құрамасының қазіргі және бұрынғы бапкерлерінің жұмысын бағалап, ұлттық команда жайлы ойын ортаға салды.
«Магомед Адиевтің кезінде Қазақстан құрамасы Еуроға іріктеуде 18 ұпай жинап, Ұлттар Лигасында табысты өнер көрсетті. Енді мұндай нәтиже тағы қашан болады? Оны сол Адиевтің де қайталай алуы екіталай. Құраманың ең мықты кезінде кетті.
Командаға үлкен тапсырмалар берілуде, бірақ шынайы шегі болады ғой. Словения, Аустрия мен Норвегиямен бір топтан шығу үшін талас жүргізу өте қиын. Ал оның ақшасын билік бөліп қойған. Сөйтіп, дәл осы жерден шатақ шығады. Бапкерге өзінің басшылығының алдында жағдайды түсіндіру – қарсыластың футболшыларының шеберлігі жоғарырақ екенін жеткізу оңай емес. Бұл Бразилия не Аргентина құрамасы емес қой. Қазақстан құрамасына деген бүкіл құрметпен айтсақ та – жергілікті футболшылар кіммен бәсекеге түсуде? Сол аустриялықтардың өздері мүлде басқа деңгейде доп тебеді. Иә, Дания, Шотландияны ұтып, Норвегиямен тең түсіпті. Алайда, Қазақстан құрамасы біраз қашықтықты қамтитын сайыста ненің есебінен норвегиялықтарға қарсылық таныта алад екен?», - деді А. Крестинин.
Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының В тобында 6 кездесуде бір ұпай алып, турнирді соңғы орынмен аяқтады. Станислав Черчесовтың командасы тек Норвегиямен тең түсіп, қалған матчтардың барлығында ойсырай ұтылған. Алты ойында 15 доп жіберіп, қарсыластар қақпасына бірде-бір гол сала алмады. Наурыздан бастап команда ӘЧ-2026 іріктеуінің ойындарында өнер көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстан J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ.
Біздің серіктес: FONBET