Овидиюс Вербицкас: «Мен Қазақстанда тамақ пен дәрі-дәрмек жоқ, адамдардың менталитеті мүлдем басқа деп естідім»

12.10.2020, 19:14
Овидиюс Вербицкас: «Мен Қазақстанда тамақ пен дәрі-дәрмек жоқ, адамдардың менталитеті мүлдем басқа деп естідім»

"Тараз" бен Литва ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Овидиюс Вербицкас Қазақстанның мәдени ерекшеліктері туралы айтты:

- Мен Қазақстанға кетер алдында көптеген ойыншылармен сөйлесіп, олардан ел туралы сұрадым. Барлық әңгімелер айтарлықтай жағымсыз болды. Қазақстанда тамақ жоқ, дүкендерде азық-түлік жетіспейді, дәріханаларда дәрі жоқ деп естідім. Адамдардың мүлдем басқа менталитеті және басқаша сенімі бар және бұл олармен сөйлесуді қиындатады деп айтты. Бірақ, мен осында келгеннен кейін еш қиналмадым. Алғашында команданың жартысы жаттығу базасына кетер алдында дұға жасағанын көріп таң қалдым, бірақ екі аптадан кейін мен оған үйреніп кеттім.

Мен отбасым Таразға келеді деп үміттендім және мен оларға не қажет екенін білдім, сондықтан жанұямның келуіне бәрі дайын болғанын қалаймын. Бірақ мен қалаға келгеннен кейін, дүкендерде де, дәріханаларда да - дәл Литвадағыдай өнімдер мен дәрі-дәрмектедің сатылып жатқанын көріп, қатты таң қалдым. Барлық жағдай жасалған, мен шынымен ешнәрсеге шағымдана алмаймын.

Менің өмірімдегі ең қиын кезең отбасымсыз өткен сәт деп ойлаймын Біз егіздерді тәрбиелеп отырмыз, әйеліме екі балаға қарау қиын. Ашу да, қайғы да болды, тіпті әйелім: «Үйге қайт, сен бәрібір басқа команда табасың» деп те айтты. Әйелім маған видео жіберіп отырды, онда менің қыздарым маған қайтып кел деп айтады. Бірақ біз бұл кезеңнен аман-есен өттік, енді мұндай қиын кезеңдер болмайды деп сенемін. Менің отбасым наурыз айында Қазақстанға қоныс аудармақ болған, бірақ пандемия біздің жоспарларымызды жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×