Отандық маман Қазақстан 2026-жылғы Әлем чемпионатының іріктеуінде екінші орын алады депті. Мүмкін бе?

Бүгін, 13:50

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Попов «Матч-Тв» арнасына берген сұқбатында Станислав Черчесов пен Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026-ға іріктеуі жайлы пікірін айтты.   

 

Отандық маман Қазақстан 2026-жылғы Әлем чемпионатының іріктеуінде екінші орын алады депті. Мүмкін бе?
Қазақстан құрамасы

«Черчесовтың ой қорытатын біраз уақыты болды. Түрлі жағдайларды бастан кешірген бапкер емес пе, болашақта сенім артатын футболшыларын таңдап қойғаны анық. Егер Қазақстанда жетістікке жетемін десе, онда нәтиже беруі тиіс. Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің аяқталуына екі тур қалғанда жолдамадан үмітті болса, бұны жоғары нәтиже деп бағалауға болады. Топта әрине, Бельгия бәрінен бұрын бірінші орынға лайық. Ал Қазақстан оларды жеңіп кете алады, алайда, Бельгиядан осалдау командаларға жол беріп қоюуы кәдік. Сондықтан, топтағы екінші орынға таласып көру керек», - деді А. Попов.

Айта кетейік, Айта кетейік, Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×