Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бапкерлік құрамындағы ауыс-түйістерге байланысты өз пікірін білдірді.
Ұлттық команданың бұрынғы бапкері Станислав Черчесовтың кетуіне түрткі болған жағдай жайлы да тоқталды.
«Шынымды айтсам, Черчесовтың қолынан ненің келмегенін білмедім. Құраманың ойындарын тамашаладым, бірақ жанкүйер болып оның жұмысын бағалауға тырыспаппын да. Бас бапкер сол, сондықтан баға беретін де өзі. Иә, нәтиже бере алған жоқ, мұны бәрі біледі. Осындай шапшаң ауыс-түйске себеп болып отырған осы шығар.
Журналистермен жанжал? Бәрі де мүмкін, алайда, артынан ортақ тіл тауып кетті. Бәлкім, барлығы да әсер етті. Бірақ, біздерді бапкерлерлерді тек нәтижесіне қарап бағалайтынын барлығыңыз түсініп отырсыздар ғой. Егер нәтиже болса, барлығына көз жұмып қарауға болады», - деді ресейлік маман ODDS.ru-ға берген сұқбатында.
Ресейлік маман Қазақстаннан кеткен соң «Ахматты» тізгіндеген. Бірақ, сәтсіз сериядан кейін грозныйлық клубтағы қызметінен кетуге мәжбүр болған. Магомед Адиевтің бапкерлік мансабында қарағандының «Шахтері», ресейлік «Чайка», «Анжи» мен «Легион Динамо» секілді командалар болды.
Біздің серіктес: FONBET