
Еламан Оспанғали
Қазақстандық жартылай қорғаушы Еламан Оспанғали испанияның «Мальорка» командасында қаралымда жүр.
19-жастағы футболшы Испанияның төртінші лигасында бақ сынайтын «Мальорканың» екінші командасымен бірге жаттығу өткізуде.
Еламан Оспанғали Өскемен футбол мектебінің түлегі. Үржар қаласының тумасы «Алтай» жейдесінде былтыр күзге дейін Қазақстанның Бірінші және Екінші лигаларында өнер көрсеткен. Ал 2024-жылдың қыркүйегінен қостанайдың «Тобылының» жастар командасының намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET