
Андрей Мартин
«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин шымкенттік команданың жасақталуы мен жоспарлары жайлы пікірін айтты.
«Команда сапындағы футболшылар көңілден шығады. Ыңғайы келіп жатса, тағы бір-екі футболшы қатарымызға қосылуы мүмкін. Ал жалпы айтқанда командамыз толық жасақталып қалды. Сергей Малый «Ордабасыда» қала ма? Ол келісімшартта отырған ойыншымыздың бірі», - деді молдовалық маман.
Айта кетейік, Андрей Мартин маусым соңында шымкенттік команданың тізгінін ұстаған болатын. Молдовалық бапкер Беларусь жаттықтырушысы Александр Седневтің орнын басты. «Ордабасы» былтыр ҚПЛ-ді төртінші орынмен аяқтап, Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болған.
Біздің серіктес: FONBET