Шымкенттік клуб дәл қазір бразилиялық жас талантты өзінің қатарына қосудың қарекетін қылуда.
«Ордабсының» назарын аударған ойыншының аты-жөні әзірше белгісіз, тек тараптар келісіп жатқан жағдайда, жаңа футболшының шымкенттік ұжымға БАЭ-дегі оқу-жаттығу жиындары кезінде қосылуы мүмкін екені мәлім. Қысқасы, «Брагантина» Ред Бул намысын қорғайтын жас ойыншы 12-қаңтарда «Ордабасының» жейдесін киіп қалуы мүмкін.
Естеріңізде болса, шымкенттік клубты молдовалық маман Андрей Мартин тізгіндеген болатын. «Ордабасы» өткен маусымда ҚПЛ-ді 4-орынмен аяқтап, Конференциялар лигасының іріктеуіне қатысу құқығына ие болды.
Біздің серіктес: FONBET