"Ордабасы" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында оралдық "Ақжайықпен" кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Қос команда бірінші таймда гол соға алған жоқ. Ал 51-минутта шымкенттік клубтың капитаны Пабло Фонтанелло өз қақпасына гол соғып алды. 92-минутта Жоао Пауло пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. 97-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев жеңісті голдың авторы атанды.
Шымкенттік ұжым бұл ойыннан кейін 6 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 3 ұпайы бар "Ақжайық" сегізінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET