«Ордабасы» босниялық футболшымен қош айтысты

11.07.2021, 14:19
Келісім-шарт қос тараптың шешімі бойынша бұзылды.
«Ордабасы» босниялық футболшымен қош айтысты

28 жастағы босниялық жартылай қорғаушы Мирзад Механович «Ордабасы» командасымен келісім-шартты бұзатынын мәлімдеді.

«Қос тараптың шешімі бойынша мен «Ордабасы» футбол клубымен келісім-шартты бұздым. Командада үш жыл ойнағаннан кейін, Шымкентпен қоштасып, клубқа сәттілік тілейтін кез келді. Команданың жанкүйерлеріне ерекше алғыс айтамын», - деп жазды Механович өзінің Instagram парақшасында.

Мирзад Механович «Ордабасы» сапында 2018 жылдан бері ойнап келді. Премьер-лигада 70 ойынға қатысқан жартылай қорғаушы 7 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×