«Ордабасы» биыл орда бұза ма?

«Ордабасы» осы жылы чемпиондыққа қадам жасауы мүмкін. Бұлай деуіміздің белгілі бір себептері де бар.
«Ордабасы» биыл орда бұза ма?

Өткен маусымда сәтсіздікке ұшыраған "Ордабасы" маусымаралық үзіліс кезінде үлкен өзгерістер жасады. Ең алдымен бас бапкер Кахабер Цхададземен қош айтысты. Өткен маусымның соңында грузиялық маман мен ойыншылардың арасында кикілжің туындаған еді. Оның үстіне, шымкенттік клуб бесінші орын алып, еурокубок жолдамасынан тыс қалды. Мұның бәрі Цхададземен келісім-шартты ұзартпауға себеп болды.

"Ордабасы" жаңа бас бапкер қызметіне белоруссиялық маман Александр Седневті тағайындады. Оның бапкерлік штабында қазақстандық маман Андрей Ферапонтов жұмыс істемек. Одан бөлек, қазақ футболының аңызы Самат Смақов бас бапкердің көмекшісі атанды. Ойын стилі шабуылға жақын Седнев команданы жарқын жеңістерге жетелеуі мүмкін.

Жалпы "Ордабасы" командасы Түркиядағы ОЖЖ барысында алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті, бір ойында жеңіліс тапты. Өзбекстандық "Навбахор" (2:1), ресейлік "Алания" (5:2), "Ротор" (3:0), грузиялық "Динамо Батуми" (4:2), украиналық "Агробизнес" (1:0) клубтарынан басым түссе, мәскеулік "Динамоға" (1:2) есе жіберді. Бұл ойындардың нәтижесіне қарап-ақ, "Ордабасының" шабуылдағы әлеуетін байқауға болады.

Ал шабуыл туралы мәселе қозғағанда, Жоао Паулоның ерен еңбегін айта кетпеске тағы болмайды. Өткен маусымда Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанған Пауло бір маусымдық футболшы емес екенін дәлелдеуде. Түркиядағы ОЖЖ аясында 5 кездесуге қатысып, 9 гол соқты. Және бұл голдар командасына жеңіс сыйлады.

Бірақ Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай ауыр жарақат алып қалды. Түркияда жасатқан отасы сәтті аяқталды. Енді Тоқтар жарты жыл бойы командасына көмектесе алмайды. Командада оның орнын басатын Сергей Хижниченко ғана бар. Ал Седнев Жаңғылышбайға үлкен сенім артатынын мәлімдеген еді.

Клубтарға бөлінетін қаржының азайғанына қарамастан шымкенттік команда жылдық бюджет бойынша бұл жылы да көш бастады. "Ордабасыға" биыл әкімдіктен 3,5 миллиард теңге бөлінді.

Жалпы "Ордабасы" маусымаралық үзіліс кезінде сапалы трансферлер жасады десек болады. Өткен маусымда қызылордалық "Қайсарда" ерекше өнерімен көзге түскен Бағдат Қайыровты, Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушысы Темірлан Ерлановты және нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквуді қатарға қосты. Одан бөлек, шымкенттік клуб сапында Еркебұлан Тұңғышбаев жаттығып жүр. "Қайратқа" керек болмаған футболшы жақын арада "Ордабасымен" келісім-шартқа отыруы мүмкін.

"Ордабасы" қажет емес ойыншылармен де қоштаса білді. Оның ішінде Мардан Төлебек, Ұлар Жақсыбаев, Виктор Дмитренко, Зиги Бадибанга секілді футболшылар командадан кетті. Барлық футболшының келісім-шарты аяқталды, оның ішінде Бадибанга командада қалу үшін 15-20 мың долларды құрайтын жалақы талап етті. Ал пандемия кесірінен Түркиядағы жиынға келе алмаған Май Махлангу жақын арада команда сапына қосылады.

Шымкенттік клуб осы жылдан бастап құрамды жасартумен айналыспақ. Жас футболшылармен жұмыс істеуден жасқанбайтын Седнев алдағы уақытта жастарға көп мүмкіндік беретінін хабарлады. Астанов, Хаджиев, Сұлтаниязов, Жиенбай, Халматов секілді ойыншылар алдағы маусымда негізгі құрамдағы орын үшін таласатын болады.

Көп жанкүйерлер осы маусымда чемпиондық атақ үшін болатын таласқа "Ордабасы" клубын қоспауда. Жыл сайын "Ордабасының" құрамына, жылдық бюджетіне қарап чемпион болады деп айтатын жанкүйерлер аз емес. Бірақ маусым соңында шымкенттік клуб жанкүйерлердің бұл сенімін ақтай алмай жатты. Су жаңа бапкер мен сапалы футболшыларды қатарға қосқан "Ордабасы" неге осы жылы чемпион болмасқа?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×