«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин ҚПЛ мен Молдова чемпионаттарын салыстырып, шымкенттік клуб жейдесін киетін Виктор Мудрак пен Дмитрий Челядник жайлы айтты.
«Қазақстан чемпионаты Молдовадан әлдеқайда жоғары. Мұнда кемінде бес команда өзара бәсекелеседі. Бұл қос ойыншыға шеберліктерін шыңдай түсу үшін тамаша мүмкіндік. Челядник? Мен оны командаға қатты алғым келген, клуб басшылығы оны көнідіре алды. Оны «Буюканьдегі» кезінен бері жақсы танимын. Соңғы кезде шеберлігі арта түсті және бұл ойыншы бізге көп көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Виктор Мудракқа қатысты айтсам, басында қарым-қатынасымыз аса болған жоқ. Екеуміз де мінездіміз, алайда уақыт өте келе ортақ тіл табыса бастадық. Оның кәсібилігі мен соңғы уақыттағы прогресін ерекше бағалаймын. Ол жанын салып ойнайды ал бұл өте маңызды», - деді А. Мартин.
Айта кетейік, қос футболшы шымкенттік командаға 12-қаңтарда БАЭ-дегі оқу-жаттығу жиындарында қосылып, келісімшартқа қолдарын қоймақшы.
Біздің серіктес: FONBET