Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев «БАТЭ-мен» келісімшарты аяқталған соң жаңа клуб іздеуде.
Біз осыған дейін 26-жастағы футболшының түркістанның «Тұранымен» оқу-жаттығу жиындарына қатысып, артынан келісімшартқа отыруы мүмкін екенін жазғанбыз. Алайда, соңғы ақпараттарға сенсек, ойыншының ойы басқа жақта көрінеді. Өміртаев мансабын Қазақстанда жалғастырудан бас тартып отыр. Футболшының приоритеті - еуропалық чемпионат. Қазақстандық ойыншыға қызығушылық танытып отырғандар қатарында ресейлік командалар да бар сынды.
Айта кетейік, 26-жастағы шабуылшы өткен маусымды борисовтік клубпен аяқтады. «БАТЭ» жейдесіндегі 14 ойында 6 рет мергендік танытқан. Ал чемпионаттың басындағы ұжымы «Слуцкте» 13 кездесуде 4 гол салған еді.
О. Өміртаев сондай-ақ, Қазақстанның «Шахтер», «Тобыл», «Атырау» мен «Ақжайық» секілді бірқатар командаларында доп тепкен болатын.
Біздің серіктес: FONBET