
"ҚазСпорт" арнасының комментаторы, "Бірінші бол" ютуб арнасының авторы Олжас Байбосын Наурыз айындағы матчтарға болжам берді.
- Қазақстан құрамасы қазір қиын жағдайда тұр. Сырт алаңда 2 ойын өткізуі тиіс. Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтардан 4 ұпай алу деген мақсат қойған құрамамыз, абыроймен өнер көрсетсе де жаман болмас. Спорт журналисі болғандықтан жанкүйерлік ететін құрамамыз жақсы ойнаса екен деп тілейміз. Алайда, сыни пікірге салып саралайтын болсақ, британдарға қарсы матчтан гөрі екінші ойын маңызды болып отыр. Әли Әлиев құрама бас бапкерінің міндетін уақытша атқарып отырған маман екенін естеріңізден шығармаңыздар. Яғни, ҚФФ президенті Марат Омаров бұл маман осы екі матчта сүрінсе орнынан алып тастауы әбден ықтимал екенін байқатты. Уақытша міндетін атқарса демек бір тексерістен өткізгісі келеді деген сөз. Лихтенштейнмен өткен матчта Қазақстан жеңіліп қалатын болса, құрамамызда қайтадан бапкер ауысуы ықтимал. Кезінде Андрей Карпович те дәл осындай күйді бастан өткерген. Молдова құрамасынан “Астана Аренада” жеңіліп қалғаннан кейін оны басшылық бірден қызметтен босатқан еді. Бұл оқиға да соған қатты ұқсап тұр. Сондықтан Әли Ханалиұлына дәл қазір Уэльсті қоя тұрып, Лихтенштейн құрамасын қатты зертеу қажет. Ал егер ҚФФ президенті әгәрәки бапкер ауыстырамыз деп шешсе, онда келесі бапкер Нидерланды азаматы болуы әбден ықтимал. Менде сондай инсайд бар.
Біздің серіктес: FONBET