Жаңа маусымда көкшетаулық клуб намысын Санжар Сатанов қорғамақшы.
24-жастағы ойыншы осыған дейін «Тұран» сапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда С. Сатанов түркістандық ұжым қатарында ҚПЛ-де 17 матчта алаңға шықты: 12 кездесуді бірінші минуттардан бастаса, 5 бәсекеде қосалқы құрамнан қосылған.
«Тұран» намысын 2022-жылдан бері қорғап келеді. Содан бері 52 ойында өнер көрсетіп, 2 гол салып, тағы сонша ассист жасаған.
Санжардың спорттық мансабында тағы «Мақтаарал», «Атырау» секілді клубтар болды. transfermarkt порталының мәліметіне сай, футболшының нарықтық құны 125 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET