«Оқжетпес» намысын Сербия жастар құрамасының ойыншысы қорғайды

12.02.2025, 22:35

Біздегі инсайдтық ақпаратқа сәйкес, Никола Цуцкич «Оқжетпес» жейдесін кимек.

«Оқжетпес» намысын Сербия жастар құрамасының ойыншысы қорғайды
Никола Цуцкич

27-жастағы жартылай қорғаушы жаңа маусымда көкшетаулық клубтың креативіне жауапты ойыншының бірі болады. Никола Цуцкичтің премьер-лига клубтарындағы тәжірибесі мол: әр жылдары талдықорғанның «Жетісуы», түркістанның «Тұраны», ақтаудың «Каспиі» мен «Ақтөбе» командаларының намысын қорғаған. 

ҚПЛ-де өнер көрсеткен соңғы ұжымы «Тұран». Сербиялық былтыр премьер-лигада 21 кездесуде доп теуіп, 4 гол салды. Футболшының мансабы өзінің отанында басталған, онда «Младость», «Земун» және «ОФК» Белград сынды командалардың намысын қорғады. 

Transfermarkt.com-да жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 300 мың еуро деп көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×