Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ордабасы» командасынан тағы бір қазақстандық футболшы кетуге жақын. Өткен маусымда шымкенттік клубтың сапында жарытып доп теппеген Самат Жарымбетов чемоданын буып-түйіп, басқа ұжымға ауыспақ.
Себебі, ордалықтардың бас бапкері команданың қазіргі құрамына тіптен көңілі толмайтын секілді. Жолдастық кездесуде мәскеулік ЦСКА-дан 0-3 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін Андрей Мартин өз қарамағындағы ойыншылардың деңгейі тым төмен дегендей пікір білдірген еді. Міне, осы сөздерден кейін алғашқылардың бірі болып Самат Жарымбетов кетпек. Бірер жыл бұрын ғана Қостанайдың «Тобылында» жасындай жарқырап, ұлттық құрамаға дейін шақырту алған Самат «Ордабасыға» ауысып, бағы мен бабынан айырылды. Сондықтан, бұл өзгеріс бірінші кезекте Жарымбетовтің мансабы үшін қажет те шығар.
Біздің серіктес: FONBET