
«Оқжетпес» ойыншылары
Meta-ratings.kz мәлімдеуінше «Оқжетпес» о бастағы жоспарынан айнып, легионерлерге сенім артуды көздейді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметов клуб басшылығына команданы мүмкіндігінше қазақстандық футболшылардан жасақтауды тапсырғаны белгілі. Бірақ, клуб басшысы Ерлан Жамантаевтың кетуімен әкім тапсырмасы орындалмайтын көрінеді. Көкшетаулық команданың директоры Мұрат Тлешев бірнеше позицияны шетелдік ойыншылармен күшейтуге ниетті екен.
Айта кетейік, «Оқжетпес» өткен маусымда Бірінші лигада топ жарып, жоғары дивизионға жолдама алған еді.
Біздің серіктес: FONBET