Николай Панин: Марек Зубтың бапкерлігі командаға өзгеріс әкелуі тиіс

08.08.2018, 22:06
Николай Панин: Марек Зубтың бапкерлігі командаға өзгеріс әкелуі тиіс
"Тобыл" ФК директоры Николай Панин жанкүйерлердің сауалдарына жауап берді. - "Тобылдың" осы маусымдағы ойынына қандай баға бересіз? - Бұған бірден жауап беруге болмайды. Әрине, ойын жанкүйерлер мен бапкерлердің көңілінен шығу керек. Қазір олқы тұстарымыз бар. Оны жасырып керек емес. Меніңше, Марек Зубтың келуі командаға өзгеріс әкелуі тиіс. Әсіресе, шабуылға аса мән беріледі. Шынын айту керек, "Тобыл" қорғанысқа мән беріп, қарымта шабуылдарға иек артып ойнады. Бұл үйдегі және қонақтағы ойынға қатысты. Бұл қонақта жемісін берді де, Қостанайда жақсы нәтиже алып келе алмады. Ойын өрнегі мен нәтиже үйлесуі керек. Жаңа бас бапкерге қойылатын талап та осы. - "Тобыл"-"Пюник" матчының уақыты "Қазспорт" арнасына қарай ыңғайластырылды. Неге жанкүйерлердің пікірі ескерілмеді? Шынын айтқанда, олардың көбі уақыт жағынан үлгіре алмай жатады. - Бірінші матчтың ыңғайсыз уақытқа қойылғаны үшін кешірім сұраймын. Алдымен, Владимир Никитенконің бапкерлерінің өтінішімен УЕФА-ға хат жаздық. Ол кезде 19:00 деп келіскенбіз. Бұл жанкүйерлер үшін қолайсыз болды. Сондықтан оны 21:00-ге шегердік. - Клубтың кездесулерін көрсететін арнайы телеарнасы бола ма? - Клубта толығымен телеарна ашу – бұл үлкен шығынды қажет етеді. Биыл бюджет кемітілді. Сол себепті де осы жылы бұл сұрақ қаралмайды. Мүмкін, болашақта көре жатармыз. Егер команданың ойындарын ұсынатын видеоблогерлер немесе жеке телекомпания болса, олармен жұмыс істеуге дайынбыз. Қызметкерлердің айтуына сүйенсек, мұндай окмпаниялар да бар. бірақ, олар медиа-жоспарлары, бизнес жоспарлары жоқ. Сондықтан белгілі бір жобаға иек арта алмай келеміз. Сонда да біз Түркиядан тікелей репортаждар жасауға команданың жаттығу жұмыстары мен баспасөз мәжілістерін көрсеуге тырысамыз. - Біздің клубтың жанкйүерлері үшін қандай жағдайлар қарастырылған? - Біздің фан-секторға ресми тіркелу туралы өтініш айттық. Бұл маусымның басында қолға алынған болатын. Бірақ, біз әлі нақты ұсыныстар мен жауап ала алмай отырмыз. Қаржыны құр текке шаша беруге болмайды. Мысалы, біз былтыр фанаттар үшін жейделер сатып алдық. Бірақ, олар матчтарда оны киіп отырмайды. Олар қайда кетті сонда? - Соңғы ойындардағы төрешілердің жұмысына қандай баға бересіз? Әсіресе, "Астана" мен "Қайсарға" қарсы ойындарда... - Пікір білдірмеймін. - ЕЛ қолданылған билеттер туралы не айтасыз? Оларды жасаған кезде клубтың төлсипаты, латын қарпімен жазылған түсініксіз сөздерді қалай түсінсек болады? - Футбол клубы мен стадион – екі бөлек ұйым. Біз стадионның офистері мен гараждарын жалға аламыз. Қалғандары – стадионның жауапкершілігінде. Билеттерді де солар жасайды. - "Астанадан" ойыншыларды жалға ала беруді қашан тоқтатамыз? Өзіміздің клубта селекциялық жұмыстар жүргізіле ме? - Селекциялық жұмыстар клубта жүргізіліп келеді. "Астанадан" алынған ойыншыларға келетін бослақ. Оларды санап көріңізші? Бізде Непогодов пен Быстров қана бар. Осы екеуі ғана! Біз "Астанамен" де, "Қайратпен" дежұмыс істейміз. Басқа командалардан да жалға ойыншылар аламыз. Тек олар біздің қажеттілігімізге жараса болғаны. Бұл бұрыннан бар тәжірибе. Бір жағынан, ойыншыларды сатып алғаннан гөрі, жалға алған пайдалырақ. Өз кезегінде біз де өз футболшыларымызды жіберіп отырамыз. Мысалы, Эгон Вух қазір "Шахтерде" жүр. Бірақ, ол бізге тиесілі. - Клубтағы селекциялық жұмыстарға кім жауапты? - Оған спорт директоры мен бапкерлік штаб жауап береді. Басқа клубтардағыдай селекциялық жұмыстарға жауап беретін бөлім жоқ. - Гашек көшесінде тұрғызылып жатқан база тек негізгі құрамға арналған ба? - Жоқ, онда негізгі құрамнан бастап футбол орталықтарына дейін дайындалады. - Бұрынғы ойыншымыз Димитар Димитров пен Краснодардың шабуылшысы Рикардо Лабордемен келіссөздер жүрді ме? Егер жүргізілсе, неліктен келісе алмадыңыздар? - Димитровпен келіссөздер жүрмеді. Лабордемен қаржылық мәселе бойынша келісе алмадық. Бұған қоса ол Ресей чемпионатында қалғысы келді. - Сондай-ақ, жанкүйерлер Орталық стадионда жаңа бапкермен кездескісі келеді. Сондай кездесу ұйымдастыра аласыз ба? - Болады. Бас бапкермен келісіп, ұлттық құраманың ойыны кезінде кездесу ұйымдастыруға тырысамыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×