Николай Костов: «Астана» бүгін бізден барлық жағынан да басым түсті»

23.04.2022, 15:52
Ақтаулық клуб бұл ойынға мүлдем дайын болмай шықты.
Николай Костов: «Астана» бүгін бізден барлық жағынан да басым түсті»

«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов Премьер-лиганың жетінші турында «Астанамен» өткен ойын жайында өз пікірімен бөлісті.

- Ойын жайында айтарым біреу-ақ: өздеріңіз көргендей, бірінші таймда ойсырата соққы алдық, оны өзгертетіндей еш мүмкіндік болмады. Қорғаныс та, шабуыл да өте әлсіз болды, допты алып жүруде сенімсіздік таныттық, сол себепті бүгін жеңілдік. «Астананы» лайықты жеңісімен құттықтаймын.

- Ойын стилі сіздерге ұқсас «Қайратпен» ойнау қалай болды және «Астана» мен «Қайратты» алатын болсақ, кімге қарсы ойнау қиынға соқты?

- «Астана» бүгін бізден барлық жағынан да басым түсті. Қай команданің жақсы ойнайтынын айта алмаймын, бірақ бүгінгі жеңіліс біз үшін ауыр тиді.

- Кезінде «Шахтер» құрамында «Астананы» жеңген болатынсыз. Бүгін де екінші нөмірмен ойнау жайында ойлаған жоқпысыз?

- Біз екінші нөмірде өте сирек ойнаймыз. Тек қарсыласымыз допты бермей, шабуылды күшейткен кезде, алаңның өз жағынан шығуға мүмкіндік бермеген жағдайда ғана солай ойнаймыз, ал негізінен біздің ойын допты алып жүру мен шабуыл санына тікелей байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×