Никитенко: мықтыларға қарсылас болсақ дейміз

26.07.2018, 00:55
Никитенко: мықтыларға қарсылас болсақ дейміз
Еуропа Лигасы 2-ші іріктеу кезеңінің алғашқы Арменияның "Пюник" командасына қарсы кездесуінің алдында "Тобылдың" бас бапкері Владимир Никитенко журналистердің сұрақтарына жауап берді.  -  Біз алғашқы кезеңді өткенімізге қуаныштымыз. Енді алға жылжыған сайын қиындай түседі. Турнирде ілгерілей түсіп, мықты командаларға қарсылас атанып, өз күшімізді сынап көрсек дейміз. Қарсыласқа құрметпен қараймыз. Олар Арменияның бірнеше дүркін чемпиондары, былтырғы жылғы топтық кезеңге қатысқан «Вардарды» артқа қалдырды және екі кездесу нәтижесінде 3:0 есебімен тіркеп, сенімді жеңді. Соңғы кездесуде он легионер өнер көрсетті – жетеуі ойынның басынан, үшеуі ойын барысында қосылды. Бұл дегеніміз – тәуір деңгей. Біздің әр ойынға деген өз жоспарымыз бар, әрине қарсыластың жеке қасиеттері мен тактикасына да қараймыз.... -  29 шілдеде Алматыда ойнаймыз, 31-де қалайда Арменияда... Физикалық тұрғыда қалай болар екен. Бірақ, қазіргі талап солай. Бұрындары ойынды 2-ші күнге қою мерзімдері болған. Меніңше, армениялық клубтар бір алаңда ойнағандықтан екі күнге бөлген болу керек. УЕФА заңы бойынша 48 сағат ойыннан кейінгі қалыпқа келу үшін жеткілікті уақыт екен. Ойынның күнін ауыстыруға талпыныстар болды, бірақ тамыздың 12-не орындар анықталуы тиіс болды – ол аралыққа ығысу қиындық туғызды, Бірнеше тараптың келісімдері қажет болды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×