Нидерланды құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

12.07.2021, 00:56
Бұл бапкер 2019 жылы жаттықтырушылық мансабын аяқтаған еді.
Нидерланды құрамасы жаңа бас бапкер тағайындады

Нидерланды ұлттық құрамасы отандық маман Луи ван Галды бас бапкер етіп тағайындады. Инсайдер Николо Скираның айтуынша, 69 жастағы бапкер екі жылдық келісім-шартқа отырған.

Нидерланды құрамасын бұған дейін Франк Де Бур жаттықтырды, ол командамен бірге 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2021 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді. Оның басшылығымен Голландия құрамасы Чехиядан жеңіліп (0:2), Еуро-2020 турнирінің ширек финалына өте алмады.

Ван Гал ұлттық құраманы 2012-2014 жылдар аралығында баптады және 2014 жылғы Әлем чемпионатының қола медальін қоржынға салды. Ал 2016 жылға дейін «Манчестер Юнайтед» клубында жұмыс істеді. Үш жылдан кейін маман өзінің жаттықтырушылық мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×