Ненад Эрич: «Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ»

07.08.2018, 15:51
Ненад Эрич: «Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ»
«Астана» клубының қақпашысы әрі капитаны Ненад Эрич Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Динамо» (Загреб) командасымен болатын кездесу жайлы өз ойын білдірді. – Бізді аса қиын кездесу күтіп тұр. «Динамо» – өте мықты команда. Алғашқы ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Сондықтан өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін аянып қалмасымыз анық. – Команданың физикалық дайындығы қандай? – Бас бапкер «Ақтөбемен» өткен кездесуде біраз футболшыға демалыс берді. Сондықтан негізгі құрам тынығып алды. Физикалық тұрғыдан команда дайын. – Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Даниядағы матчта тосыннан соққы алдыңыз. – Иә, соққы болды. Арқам ауырып қалды. Дегенмен қазір бәрі жақсы. – Қарсылас жайлы не айтасыз? – Еуропада тәжірибесі жақсы команда. Барлық шепте жоғары деңгейлі ойыншылары жетерлік. Бізге қиын болары анық. Егер дұрыстап ойнасақ, нәтиже біз жағында болмақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×