Немістер намысшыл екен

24.06.2018, 17:50
Немістер намысшыл екен
Германия 2-1 Швеция, Голдар:0-1 (Тойвенен), 1-1 (Марко Ройс), 2-1 (Тони Кросс) Футболды 22-адам ойнайды, бірақ немістер жеңіске жетеді,- деген түсінік енді орын алғандай. Неге десеңіз, неміс мәшинесі Мексикаға 0-1 есебімен есе жібергеннен кейін, осы кездесудің маңыздылығын ерекше екенін білді. Себебі, Германияның келесі кезеңге қадам басуы Швециямен болатын ойында шешілетін еді. Көрінгенге ұтыла бермейтін Шведтер, осы матчтың бақандай бір таймында, немістерді әбден састырды. Ал, 2-таймда 0-1 есебін қанағат тұтқан Швециялықтар, көресіні көрді. 48-минутта Марко Ройс айып алаңынан табыла кетіп, тамаша гол соқты. Одан кейінде 90-минут бойы тоқтамаған қос тарапта гол соғуды қалады. Бірақ, немістің аты "неміс" 90 +5 минутта айып добын сәтті орындаған Тони Кросс керемет гол соғып, матчтағы басымдықты немістерге сыйлады. Дайындаған Әлішер Хабидолла  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×