Bild басылымының хабарлауынша, Берлинде жанкүйерлер Месут Озилге қолдау көрсетіп митингке жиналды. Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар Озилдің есімі жазылған жейде киіп, өздерімен Түркияның жалауын алып шықты. Олардың пікірінше, Озилдің шығу тегіне қатысты расистік пиғылдар дұрыс емес және Неміс футбол одағы бұл мәселеде ойыншыны барынша қолдау керек еді. Сонымен қатар, жиналғандар Озилдің Германия құрамасы сапында өнер көрсетуін тоқтатпауын сұрады.