Неймардың әлде Левандовскийдің командасы жеңіске жете ме?

24.08.2020, 02:54
Аз ғана уақыттан кейін ПСЖ мен «Бавария» Чемпиондар лигасының кубогын сарапқа салады.
Неймардың әлде Левандовскийдің командасы жеңіске жете ме?

Бүгінгі финалда екі неміс жаттықтырушысы – Томас Тухель (ПСЖ) мен Ханс-Дитер Флик («Бавария») бетпе-бет келеді. Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында «Баварияның» бас жаттықтырушысы орталық қорғаушы Боатенгтің кездесуге қатыспауы мүмкін екенін және команда кездесуге 100 пайыз дайын екендіктерін айтты. «Біз өзіміздің ең жақсы ойынымызды көрсетуге дайынбыз. Егер бабымыз бен бағымыз қатар жанса және әр ойыншы бар күш-жігерін 100 пайыз жұмсар болса, бұл матчта жеңе аламыз», - деді Флик.

«ПСЖ» командасының бас бапкері Томас Тухель Верратти мен Мбаппе бұл ойынға 100 пайыз дайын емес, сондықтан олар негізгі құрамға шықпай қалуы мүмкін екенін айтты. «Мен «Баварияның» бізге қарағанда басымдыққа ие екенін білеміз, өйткені олар мұндай финалда ойнаған. Бірақ бұл көрсеткіш бүгінгі кеште ештеңе шешпейді», - деді Тухель.

 Статистика:

- ПСЖ мен «Бавария» Чемпиондар лигасы аясында 8 матч өткізді.

- Бір қызығы, қарсыластар тең ойнамапты.

- Француз клубының есебімен 5 жеңіс, мюнхендіктерде 3 жеңіс.

- 8 матчтың барлығы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өткен.

- Гол соғу жағынан ПСЖ сәл ғана басымдық танытыпты – 12:11.

- Соңғы «шайқас» 2017/18 топтық кезеңінде өткен. ПСЖ өз алаңында 3:0 (Алвес, Кавани және Неймар гол соқты) есебімен ойсырата жеңсе, Мюнхенде «Бавария» – 3:1 (Левандовски, Толиссо екі доп соқты) есебімен басым түсті.

- ПСЖ ешқашан Чемпиондар лигасын жеңіп алған жоқ. Егер бағы жанса, онда кубокты жеңіп алған 23-ші команда болады.

- Биылғы Чемпиондар лигасында ПСЖ 8 мәрте жеңіске жетті, 1 рет тең түсті және 1 жеңіліске ұшырады, гол айырмашылығы 25:5;

- «ПСЖ» А тобында бірінші орынға ие болды. «Боруссияны» – 1/8, «Аталантаны» – 1/4 және «Лейпцигті» – жартылай финалда жеңіп шықты;

- Чемпиондар лигасының соңғы бес матчында ПСЖ 4 рет жеңіске жетіп, 1 рет ​​тең түсті;

- Өткен маусымда ПСЖ Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалды;

- ПСЖ командасының Чемпиондар лигасындағы ең жоғары нәтижесі ол – жартылай финал (1994/95);

- «Бавария» Чемпиондар лигасын жеңіп алса, онда кубокты 6 мәрте басына көтерген «Ливерпульді» қуып жетеді.

Бұл француз және неміс клубтарының арасындағы Чемпиондар лигасының екінші финалы. Бұған дейін 1976 жылы «Бавария» «Сент-Этьеннен» басым түскен еді.

- Осы маусымда «Бавария» Чемпиондар лигасындағы барлық 10 матчта жеңіске жетіп, 42:8 гол айырмашылығымен рекорд орнатты;

- «Бавария» В тобында бірінші орынды иеленді. «Челсиден» – 1/8, «Барселонадан» – 1/4 және «Лионнан» – жартылай финалда басым түсті;

- «Бавария» өткен жылы Чемпиондар лигасын ширек финалдан аяқтады;

- «Бавария» Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы (Соңғы рет 2013 ж.);

ПСЖ құрамында футбол «жұлдыздарының» барына қарамастан, «Баварияда» кубокты жеңіп алу мүмкіндігі көп. Букмекерлік кеңселер «Баварияның» жеңісіне көбірек сенімді. Бірақ олардың «сәуегейлігі» көбінесе орындалмай жататынын тағы естен шығармағанымыз абзал.

 

ПСЖ – «Бавария»

23 тамыз. Лиссабон. «Эстадиу да Луш» стадионы. 00:50.

Төреші – Даниэле Орсато (Италия).

Көрсетілім – «Qazaqstan» телеарнасы.

null

"Бавария" сапында алаңға шығуы мүмкін футболшылар

null

ПСЖ сапында алаңға шығуы мүмкін футболшылар

Алмас Манап "Егемен Қазақстан"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.09
Ничья
13.7
П2
28
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×