Неймар Леонардомен сөйлескен соң "ПСЖ"-дан кетіп қалды

16.07.2019, 06:16
Неймар Леонардомен сөйлескен соң "ПСЖ"-дан кетіп қалды

Неймар бүгін таңертең "ПСЖ" қатарына қайта қосылған болатын. Алайда, клубтың спорттық директор Леонардомен соңғы жайттар туралы 3 сағаттай сөйлескен соң қайтадан "Пари Сен-Жермен" футболшыларының жаттыға базасынан кетіп қалыпты. Бұл туралы Sport.es мәлімдейді. Тіпті, кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, осыдан соң шабуылшы бірден Испанияға тұрғын үй іздеуге аттанып, "Барселонамен" келісім-шартқа қол қоюға дайындалып жатқан көрінеді.

Осы орайда айта кетейік, бразилиялық шабуылшы "ПСЖ" алдағы маусымға арналған жиынына енді келіп қосылды. Париж клубы оның бұл кешігуіне қатысты шешім шығарып, айыппұл салған-ды. Ал шабуылшы тіпті өзге әріптестері секелді медициналық тексерістен де өтпеген болып шықты.

Демек, Неймар ертең "ПСЖ" мен "Дрезден" арасындағы жолдастық кездесуде алаңға шықпайды деген сөз.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×